Email: sportpvl1@mail.ru

Мекен жай: 1 мая, 170

Қабылдау бөлімінің телефоны: 61-91-11

Сенім телефоны: 61-93-58

Жүргізуші бағыттары

Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

Дата публикации: 30.06.2018 11:06

Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды –Павлодар қаласы әкімдігі  Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің  «Дзюдо күресі бойынша «Батыр» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры.

Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің  «Дзюдо күресі бойынша «Батыр» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140013,  Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 140/1, тел. 8(7182) 573033, 570298.                Дзюдо күресі бойынша «Батыр» БЖСМ  балалар, жасөспірімдер және жастар арасында олардың денсаулықтарын нығайтуға және жан-жақты дене тәрбиесін дамытуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмысын жүзеге асырады.

        Директордың лауазымдық қызметақысы басқарушы лауазымдарындағы еңбек өтіліне байланысты – 82468 теңгеден 99988 теңгеге дейін.

       Қызметтік міндеттер: кәсіпорындағы оқу және тәрбиелеу жұмысына, педагогикалық кеңестің жұмысына жалпы басшылық құруды жүзеге асырады. Кәсіпорын жұмысының жоспарын, спортты дамытудың әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді. Оқушылармен оқу-жаттығу жұмысын өткізу жағдайлар жасайды. Жаттықтырушы-ұстаздардың, әдістемеші-нұсқаушылардың әдістемелік және арнайы дайындығын ұйымдастыру үшін жауапты, педагогикалық кеңес жұмысына басшылық құруды жүзеге асырады. Кәсіпорынға бекітілген мүліктің пайдалануына, сабақтар өткізілгенде техникалық қауіпсіздігінің сақталуына, белгіленген есеп берулердің уақытында және сапалы ұсынылуына бақылау жасауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа міндеттері.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогикалық (дене шынықтыру және спорт), заң, экономика мамандықтары бойынша, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе спорт және дене шынықтыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының ЕңбекБюджетСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) және  «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстері; «Дене шынықтыру және спорт туралы»«Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Мемлекеттік мүлік туралы»«Мемлекеттік сатып алу туралы»«Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық актілер; Халықаралық Олимпиада Комитетінің Хартиясы; педагогика, психология, физиология негіздері; дайындықтың түрлі кезеңдерінде спортшылардың оқу-тәрбиелік және оқу-жаттығу процесінің мазмұны; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа жіберілген үміткерлер конкурсты белгіленген тәртіппен конкурсқа қатысуға жіберілген адамдар тізімдері бекітілген соң он жұмыс  күні ішінде Павлодар қаласы, 1 Мамыр көшесі, 170, 211 каб. Мекенжайы бойынша «Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі»  Мемлекеттік мекемесінде өтеді.

     Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының (ол болғанда) немесе жеке еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтілуіне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер және атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) бере алады.

Құжаттар БАҚ ресми басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжайға тапсырылуы тиіс: Павлодар қаласы, 1 Мамыр көшесі, 170,  208 каб. (екінші қабат), байланыс т. 8(7182)619111.

kz
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа