Ат спорты түрлері бойынша жаттығу процесі

Дата публикации:

Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің «балалар-жастар спорт орталығы» КММ жанынан аударыспақ және көкпар атты спорт түрлері бойынша секциялар ұйымдастырылады. Жаттығу жылының басынан бастап 10-нан 15-ке дейін және 16-дан 25-ке дейін жас санаттары бойынша топтар жасақталды, сабақтар спорт залдарында өткізілді, ТЖ режимінде спортшылар өз жаттықтырушыларының басшылығымен үй жағдайында жаттығуларын жалғастырды. Бүгін 2020 жылғы 25 мамырда»Құлагер» ипподромында жаттығу процесі басталады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Ат спорты түрлерімен айналысу үшін барлық қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған болатын.